00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астана атауының өзгеруіне байланысты мектеп оқулықтары қайта басыла ма

31.03.2023 | 17:24
Елорда ақпарат
30

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елорда атауын өзгертуге байланысты мектеп оқулықтарын қайта басып шығару мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Дегенмен министр мұндай жоспар жоқ екенін айтты.

Елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтарымыз өзгермейді. Тек осы шешімге байланысты оқулықтарды қайта басып шығарудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Айтпақшы, 2016, 2017, 2018 жылдары оқулықтар көптеп жарық көрді. Ал балалар біздің елордамыздың қалай аталатынын біледі, - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, жаңадан құрылған аймақтарға байланысты да осындай.

Бізде оқулықтарды қайта басып шығарудың жиілігі бар. Ол қайта басып шығару циклі деп аталады. Осы циклге сәйкес оқулықтарды басып шығарарда немесе оқу бағдарламалары жаңартылған кезде бұл мәселелер ескерілетін болады. Ал облыстардың санының өзгеруіне бола оқулықтарды қайта басып шығарудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ондай мәселе күн тәртібінде де жоқ, - деді министр.

Барлық жаңалықтар