00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Келесі жылы ҰБТ тапсыру қалай өзгереді

31.03.2023 | 16:52
Айман Нығмет
39

Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін өзгерістер туралы тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).

«Оқу сауаттылығы» пәнінде талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі.

Сонымен қатар ҰБТ тапсырмаларының құрылымы да өзгеріске ұшырайды:

1 дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін;

1 немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (3 дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін қысқарады.

Барлық жаңалықтар