00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Нұр-Сұлтанда оқушылар музейде білім алады

31.03.2023 | 16:46
Елорда ақпарат
25

Астанада оқушылар мектепте емес, музейде білім алады, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар24» жазуынша, олар аптасына бір мәрте музейде сабақ өтеді. Сабақ өтудің мұндай ерекше жолын Ұлттық мұражай ұсынды. Бірақ барлық пәндерден емес. Тарихи экспонаттарды таныстыру арқылы оқушыларға білім беру әдісі тек «Қазақстан тарихы» сабағында қолданылмақ. Ол үшін әр мектеп бар-жоғы мұражай әкімшілігіне 2 апта бұрын өтініш беруі керек. Сөйтіп сол білім ордасының ұстазы мен музей қызметкерлері балаларға бірігіп, мектеп бағдарламасы аясында сабақ өтеді. Жобаға тек бесінші мен тоғызыншы сынып оқушылары қатыса алады.

Барлық жаңалықтар