00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстандық 16 жоғары оқу орны QS халықаралық рейтингі қатарына кірді

25.02.2023 | 13:15
Айман Нығмет
34

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» бағыты бойынша негізгі көрсеткіш – екі отандық университеттің QS Халықаралық рейтингінің ТОП-200 қатарына кіруі. ЖОО-лардың QS рейтингісіне қатысуының 9 жылы ішінде оң динамика байқалады. Егер 2013 жылы 8 ЖОО қатысса, бүгінде олардың саны екі есе өсті. 2022 жылы аталған рейтингке 16 қазақстандық ЖОО кірді. Оның ішінде ТОП-500 құрамына 5 ЖОО кірді. Олар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰҒТУ, ҚазҰАУ. Топ 200-ге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кірді.  «Бұл қазақстандық жоғары оқу орындарының қажырлы еңбегінің жемісі. Себебі олар әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарымен қатаң бәсекелестік жағдайында осы жетістіктерге қол жеткізеді. Бұл ретте рейтингке қатысатын жоғары оқу орындары санының тұрақты өсу үрдісін байқап отырмыз, — деп атап өтті С.Нұрбек.


 

Барлық жаңалықтар