00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

220 мыңнан астам педагог жалақысына қосымша ақы қосылады

13.09.2023 | 08:00
40
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда 220 мыңнан астам педагог аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады, деп хабарлады Elorda.info.

Педагог-шеберге 50%, педагог-зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді. Елімізде барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3 482 шебер бар, - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни, екі есеге артты. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейді.

Барлық жаңалықтар