00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Магистратураға түсу үшін 35 мыңға жуық емтихан тапсырған

25.02.2023 | 12:48
Елорда ақпарат
24

Олардың 45%-ға жуығы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 72 балл. Бір қатысушы максималды 150 балдың 140-ын жинады.

Тестілеу басталғалы 265 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде144 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 117 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Сонымен қатар постпрокторинг қорытындысы бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды. Олар емтихан материалдарын суретке түсіріп, аудиториядан алып шығуға тырысқан.

Ұлттық бірыңғай тестілеудегі секілді Кешенді тестілеуге кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Қабылданған іс-шаралар арқасында тестілеудің бірінші аптасында кіргізу кезінде 4 бөгде тұлға анықталды. Яғни, қатысушылар өздерінің орнына басқа адамды жіберіп, тестілеуден өтпек болған. Тиісті шаралар қабылданды. 

Еске сала кетейік, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 46 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 мыңға көп. Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 20-шілдеде басталды және 10-тамызға дейін жалғасады.

Барлық жаңалықтар