00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

4 талапкер магистратура емтиханына басқа адамды кіргізбек болған

25.02.2023 | 12:12
Елорда ақпарат
29

Магистратураға түсуге арналған тестілеуді 20 мыңға жуық талапкер тапсырды. Шекті балды оқуға түсушілердің 50%-ға жуығы жинады. Орташа көрсеткіш – 74 балл, бұл өткен жылғы нәтижеден 6 балға жоғары.

Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді.

Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 20 шілдеде басталды. 10 тамызға дейін жалғасады.

Тестілеуге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 10 маусым мен 15 шілде аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізілген болатын.

Тестілеудің бірінші аптасында 89 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Кешенті тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 61 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.

КТ-ға кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Қабылданған іс-шаралар арқасында тестілеуге кіргізу кезінде 4 бөгде тұлға анықталды.

Яғни, қатысушылар өздерінің орнына басқа адамды жіберіп, тестілеуден өтпек болған. Тиісті шаралар қабылданды.

 

Барлық жаңалықтар