00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Қазақстан халқына» қоры білім гранттары бағдарламасына қатысатын ЖОО тізімін жариялады

25.02.2023 | 12:10
Елорда ақпарат
38

Аталған қайырымдылық бағдарламасына жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын 75 білім беру ұйымы мен білім беру саласындағы 2 қайырымдылық ұйым қатысады.

Жоғары білім беру ұйымдары өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша білім гранттары мен шәкіртақыларды беру үшін бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері мынадай:

ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖОО-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлерден:

  • ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
  • мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.

Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерден:

  • мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек тұлғалар;
  • жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
  • ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек тұлғалар.

2022-2023 оқу жылына арналған «Қазақстан халқына» ҚҚ білім гранттары» қайырымдылық бағдарламасына қатысатын 75 ЖОО мен студенттер өтінім бере алатын қайырымдылық ұйымдардың тізімін қордың ресми сайтынан көруге болады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар