00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Студенттер жасаған өнімдерін сатып, табыс таба алады

25.02.2023 | 10:28
Елорда ақпарат
31

Колледж студенттері оқу-өндірістік цехтар мен оқу шаруашылықтарында өздері өндірген өнімдерді сатып, табыс табады. Бұл студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырып, ынталандырады.

Қазіргі таңда 444 мемлекеттік колледждің 97-інде студенттер өз өнімдері мен қызметтері сатып жатыр. Мысалы, олар колледж қабырғасында дайындалған тәттілерді, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатады. Сондай-ақ «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттер өндірістік тәжірибе кезінде темірден конструкциялар жасап, еңбек нарығына шығарады. Біз бұл жерде толық кәсіпкерлік қызмет туралы емес, тек өндірістік оқу мен тәжірибе кезінде өндірілген өнімдердің сатылып, колледж бюджетін толықтыруға болатынын ғана айтып отырмыз. Бұл қаражатты өндірістік оқытуға арналған электродтарды немесе металды сатып алуға пайдалануға болады. Мұндай жұмыстар еліміздің басқа колледждерінде де жалғасын табады, - деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Барлық жаңалықтар