00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы екі есе артады

10.10.2023 | 08:00
48
Фото: ашық дереккөз

Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бүгінде 772 колледжде 531 мың студент оқиды. Бұл ретте колледждердің 85%-ы экономика салаларының техникалық, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету бағыттары бойынша кадрлар даярлайды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2025 жылға дейін жастарды сұранысқа ие мамандықтармен 100% қамту көзделген. Биылғы жоспар көрсеткіші 80% деңгейінде орындалды.

Бізде 9-сынып түлектеріне колледждерде тегін оқуға мүмкіндік берілген. 3 жыл ішінде кадр даярлауға тиісті мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылды. Егер бұған дейін колледждерде бюджет есебінен 95 мың студент оқыса, биыл олардың саны 133 мыңға дейін ұлғайтылды. Біз мемлекеттік тапсырысты бұдан әрі де арттыра беретін боламыз, — деді Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар Премьер-Министр биыл колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға өскенін еске салды. Оған қоса 2025 жылға дейін стипендиялар тағы 2 есеге өсіріледі. Сондай-ақ «Жас маман» жобасын іске асыру аясында 180 колледжді қайта жарақтандыру үшін республикалық бюджеттен 48 млрд теңге бөлінді.

Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Барлық жаңалықтар