00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

200 маман инклюзивті білім беру курсынан өтті

18.07.2023 | 19:00
69
Фото: ашық дереккөз

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» РММ-де 8 біліктілікті арттыру курсы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оған 200 маман қатысты. Аралас форматтағы курстың 36 сағаты онлайн режимдегі дәріс, 36 сағат офлайн режимде болды.

Айта кетейік, инклюзивті немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин.

Инклюзивті білім беру – мүгедек пен дамуында кемістігі мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Барлық жаңалықтар