00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалық жоғарғы оқу орны әлемнің үздік 300 университеті қатарына кірді

25.02.2023 | 08:31
Елорда ақпарат
27

Университет "Шетелдік профессорлық-оқытушылық құрам", «Жұмыс берушілер арасындағы бедел» және «Академиялық сарапшылар арасындағы бедел» критерийлері бойынша өзінің позициясын елеулі нығайтты. Бұл ретте университеттің "Білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның арақатынасы" және "Шетелдік профессорлық-оқытушылық құрам" индикаторлары бойынша көрсеткіштері әлем бойынша жоғары оқу орындарының орташа нәтижесінен айтарлықтай асып түсті.

Биыл халықаралық рейтингке қатысқан жоғары оқу орындарының қатары 47%-ға артты. Әлемнің 100 мемлекетінен 2 462 университет қарастырылып, оның 1422 қорытынды рейтингке кірді. Әлемнің үздік ЖОО арасында Қазақстанның 16 университеті бар, олардың екеуі тізімге алғаш рет енді.

QS рейтингінің көшбасшыларының ондығына Массачусетс технологиялық институты, Кембридж Университеті, Стэнфорд университеті, Оксфорд Университеті, Гарвард университеті және т.б. сияқты әлемдік университеттер кірді.

Университеттерді халықаралық деңгейде бағалау әдістемесі мынадай индикаторлар бойынша жүзеге асырылады: академиялық сарапшылар арасындағы бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, білім алушылардың профессорлық-оқытушылық құрамға арақатынасы, дәйексөз келтіру, шетелдік білім алушылар, жұмысқа орналасу нәтижелері. Сондай-ақ, биыл "Жұмыспен қамту нәтижелері" және "Халықаралық зерттеу ынтымақтастығы" атты екі жаңа индикатор қосылды.

 

Барлық жаңалықтар