00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елімізде ресейлік екі университеттің филиалы ашылады

25.02.2023 | 08:27
Елорда ақпарат
27

Бұйрықта МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, ал И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында құрылатыны айтылған.

 «Филиалдарда оқыту жүзеге асырылатын даярлау бағыттарының тізбесін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 21-отырысының шешіміне сәйкес құрылған білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссия айқындайды», деп жазылған құжатта.

Ресейлік университет филиалдары білім беру бағдарламасына Қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндерін енгізеді. Оқу мерзімі елімізде 2-3 жыл, ал Ресейде 1 немесе 2 жылға жоспарланып отыр. Филиалдарға оқуға қабылдау ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, ал олармен реттелмеген бөлігінде филиалдардың жарғысымен реттеледі. Олар өз қаражаты немесе өзге де қолдау көздері есебінен студенттерге грант, стипендия мен басқа да төлемдер жүргізеді.

Барлық жаңалықтар