00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Дене шынықтыру пәніне енді ұлдар мен қыздар бірге қатыспайды

25.02.2023 | 06:48
Елорда ақпарат
24

 

Өзін-өзі тану пәнінің үлгілік оқыту жоспарынан алынып тасталуына байланысты өзін-өзі тану курсын "Оқыту курсы ерекшеліктері" деген №19 бөлімге өзгерістер енгізіліп, мазмұны қысқартылды. Сондай-ақ, көркем еңбек пәнінің 1-4 сыныптарда еңбекке баулу және бейнелеу өнері, 5-9 сыныптарда технология мен бейнелеу өнері пәндеріне бөлінуіне байланысты осы пәндерді оқыту ерекшеліктері бөлімдерімен толықтырылды, – деді Гүлмира Кәрімова.

Комитет төрайымы технология және дене шынықтыру пәндерін өткізуге сыныпты толымдылығына қарамастан, ұлдар мен қыздар топтарына бөлу туралы қағида, 1-сыныпта тілдерді оқытуға байланысты өзгерістер енгізілгенін айтты.

Оқу бағдарламаларын жетілдіруге байланысты жаһандық құзіреттер бөліміне өзгерістер қарастырылған. Жаһандық құзіреттер курсы 2-11 сыныптарда оқытылады. Курс мазмұны үш мақсатқа бағытталған: зерттеу, талдау, бағалау, рефлекция, қарым-қатынас, тұтастық. Барлық оқыту тәрбие процесінің ұйымдастырылуы балалар жылы шеңберінде жүзеге асады, – деді Гүлмира Кәрімова.

Барлық жаңалықтар