00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл мұқтаж отбасыдан шыққан балалардың 61%-ы жазғы лагерьге барады

25.02.2023 | 06:47
Елорда ақпарат
46

2021 жылмен салыстырғанда республика бойынша лагерьлерде демалатын балалардың саны биыл 800 мыңға көбейді. 2 564 000 (80,7%) мың бала 86 966 құрылыс отрядына орман және көгалдандыру жұмыстары, аула клубтары, дебаттық қосымша білім орталықтарына тартылады, – деді Есенғазы Иманғалиев. 

Мұнымен қатар, комитет төрағасы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен мүгедектігі бар оқушылардың басым бөлігі қамтылатынын атап өтті.

Жазғы демалыс шараларымен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының 61%-ы, ерекше білім қажеттілігіне мұқтаждардың 64%-ы және 78% түрлі салада жетістікке жеткен оқушылардың, девиантты тәрбиедегі балалардың 82%-ы қамтылады деп жоспарланып отыр, – деді Есенғазы Иманғалиев.

Жазғы сауықтыру науқанын қаржыландырудың жалпы көлемі 4,53 млрд теңгені құрайды.

Алайда жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда биыл Маңғыстау, Атырау  облыстарында оқушылардың демалыспен қамтылу жоспары біршама төмен, – деді комитет төрағасы. 

Барлық жаңалықтар