00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл елордада оқушыларға арналған қандай лагерьлер жұмыс істейді (ВИДЕО)

25.02.2023 | 04:45
Елорда ақпарат
49

«Дидарлы жас» секілді спорттық бағытта жұмыс істейтін мектеп жанындағы лагерьлер бар. Олардан бөлек, қала сыртында «Арман» және «Боровичок» лагерьлері жұмысын бастайды. Сондай-ақ Оқушылар сарайы, Өнер мектебі, Музыка мектебі секілді қосымша білім беру ұйымдарының жанынан шығармашылық лагерьлер ашылады. Баланы лагерьге беру үшін ата-аналар әлгі ұйымдардың басшылығына жүгініп, өтініш беруі керек, – деді Қ. Сенғазыев YouTube желісіндегі El-Orda арнасына берген сұхбатында.

Ведомство басшысының айтуынша, мектеп жанындағы лагерьлер 1 маусым мен 1 шілде аралығында, ал жазғы лагерьлер 14 маусым мен 6 тамыз аралығында жұмыс істейді.

Мұнымен қатар Білім басқармасының басшысы мектеп жанындағы лагерьлердің тегін екенін айтты. Тек қосымша білім беру ұйымдары жанынан ашылған шығармашылық лагерьлердің кейбірі ақылы болуы мүмкін.

Барлық жаңалықтар