00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«ЛГБТ-ны насихаттайтын оқу бағдарламасы әзірленіп жатыр»: БҒМ пікір білдірді

25.02.2023 | 02:59
Елорда ақпарат
40

Алайда бұл қауесетті Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

Ведомство мәліметінше, мұндай жаңашылдықтарды мектеп бағдарламасына енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

Әлеуметтік желілерде Қазақстанда оқушыларға арналған "ЛГБТ дамыту" және ерте жыныстық ағарту бойынша бағдарлама әзірленіп жатқаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл тағы бір фейк. Мұндай тақырыптарды насихаттау бойынша қандай да бір оқу бағдарламалары мен пәндер жоқ және болмайды да. Балаларды патриотизмге, еңбексүйгіштікке, отбасылық құндылықтарға үйрететін қазақстандық мұғалімдер мұндай бастамалар көтерен жоқ, - деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік өкілдері жалған ақпарат таратқан адамдарға жауапкершілік жүктелетінін еске салып, БҒМ ресми парақшаларында және ведомство сайтында жарияланатын ресми мәліметтерге ғана сенуге шақырды.

Барлық жаңалықтар