Elorda.info

Жамбыл облысында 93 мектеп онлайн форматқа көшті

Жамбыл облысындағы қалалар мен аудан орталықтарындағы білім алушылар саны 600-ден асатын бүкіл мектептер онлайн форматқа ауысты, деп хабарлады Elorda.info.

Жамбыл облысында 93 мектеп онлайн форматқа көшті

Қашықтан оқыту форматына көшірілген барлық білім алушылар компьютерлік техникамен қамтылды. Жалпы өңірдегі 478 білім беру ұйымында 245 623 оқушы бар. 478 мектептің 330-ында 600-ге дейін, 148-інде 600-ден аса оқушы бар. Қазіргі таңда аудан орталықтары мен қалада орналасқан 93 мектеп қашықтан оқытуға жіберілді. Ондағы 1-2 сыныптар штаттық режимде оқиды. Яғни, 93 мектепте 122 905 оқушы болса, соның 84 252-сі қашықтан, 38 653-і штаттық білім алып жатыр, — деді ӨКҚ-де аймақтың білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов.


 

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Білім