00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

25.09.2023 | 13:00
47
Фото: ашық дереккөз

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы – әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға, сондай-ақ волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға бағытталған.

Сыйлық 15 бағыт бойынша беріледі.

Құжаттарды қабылдау 25 қыркүйек пен 14 қазан аралығында жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: qazvolunteer@mail.kz (DOC, DOCX, PDF форматы) немесе министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеттің мекенжайы бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 10, «Министрліктер Үйі» ғимараты (14-кіреберіс).

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 74-10-74, 74-03-11, эл.пошта: a.syzdykova@mki.gov.kz.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру ережелері туралы толығырақ www.adilet.kz сайтынан біле аласыздар.

Барлық жаңалықтар