00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар жүреді

29.11.2023 | 06:00
71
Фото: дереккөз

Ұлттық тасымалдаушы желтоқсан айындағы мереке күндеріне орай қосымша пойыздарды қосады, деп хабарлады Elorda.info.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатынына байланысты бірнеше бағыттарға қосымша пойыздар қосылады.

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

- №201/202 «Нұр-Сұлтан 1 Шымкент» бағытында 2023 жылдың 15, 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 1 қаңтарында елордадан 3 пойыз қатынайды.

Ал Шымкенттен биыл 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтарында
пойыз жүреді.

- №203/204 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол Алматы-2» бағытында осы жылдың 15, 28, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында Нұрлы жол вокзалынан 5 пойыз жүреді. Ал Алматы-2 вокзалынан 16, 29, 30 желтоқсан және келер 2024 жылдың 2, 3 қаңтарында пойыздар қатынайды.

Құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады.

Сондай-ақ, №7510/7509 электр пойызының Астанадан Павлодар бағытында қосымша рейстері қосылады. Пойыз елордадан осы жылдың 15, 29, 30 желтоқсанында, ал кері бағытта биылғы 18 желтоқсанда және 2024 жылдың 2 қаңтарында жүреді.

Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, анықтама ақпаратын «1433» нөмірі және «KTZH_PP_BOT» жеделхаттарынан алуға болады.

Барлық жаңалықтар