00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

02.12.2023 | 02:30
55
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» синоптиктері желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Желтоқсанның басында және бір айдың ішінде республикамыздың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Солтүстік өңірде қар, аракідік боран соғады, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республика бойынша тұман, көктайғақ жиі орын алады, айдың басында еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады деп болжанады. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ығысуына байланысты бүкіл ел аумағында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Елдің батысында ауа температурасы: түнде: -10...-20 градусқа дейін, күндіз: -3...-13 градусқа дейін суық болады.

Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта ауа температурасы түнде: -20...-30 градусқа дейін, күндіз -10...-20 градусқа дейін болады деп күтілуде.

Республикамыздың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде: -10...-20 градусқа дейін, күндіз: -2...-10 градусқа дейін күн суытады.

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары жүреді деп күтіледі.

Еліміздің солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -5...-10 градусқа дейін, күндіз: 0...-5 градусқа дейін жоғарылайды.

Оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -3...+3 градусқа дейін, күндіз: +5...+13 градусқа дейін болады.

Алайда, жекелеген күндері солтүстік-батыстан енетін суық антициклондардың әсерінен температураның төмендеуі болжанады:

Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -20...-30 градусқа дейін, күндіз: -8...-15 градусқа дейін суытады.

Ал оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -10...-17 градусқа дейін, күндіз: -3...-10 градусқа дейін болады.

Жалпы болжам бойынша желтоқсан айында ел аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 1- градус жоғары болады деп күтіледі. 

Желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстігінде нормадан көп болады деп болжанады. 

Барлық жаңалықтар