00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Жамбыл облысында тағы бір пойыз жолға шықпай қалды

16.12.2023 | 12:30
45
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды. Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыз кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр.

Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде ақшалай қаражат қайтарылады. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды,- делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Айта кетейік, Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты бес жолаушылар пойызы жолға шықпады.

Барлық жаңалықтар