00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Жетісу облысында жоғалып кеткен балықшы аман табылды

22.04.2024 | 13:18
48
құтқарушылар
фото: gov.kz

Жетісу облысында балық аулауға шығып, хабарсыз кеткен 1979 жылы туған азамат бір жарым тәуліктен кейін аман табылды, деп хабарлады Elorda.info.

ТЖМ хабарлауынша, құтқарушыларға 20 сәуірде сағат 11-00 шамасында ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.  Балықшының орналасқан жері жайлы бір тәуліктен аса ешқандай ақпарат болмаған, телефон қоңырауларына да жауап бермеген.

Іздеуге жедел-іздестіру тобы жұмылдырылып, қайықтар мен арнайы техникалар пайдаланылды.

21 сәуір күні сағат 17-00-де Жетісу облысы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары балықшыны Балқаш көлінің Борлы шығанағынан тапқан.

Белгілі болғандай, екпінді жел балықшының қайығын қамыс арасына ұшырып әкеткен. Құтқарушылар балықшыны Лепсі ауылына жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болмады, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар