00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Жетісу облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

16.04.2024 | 14:11
59
Жетісу облысында ірі есірткі зертханасы жойылды
Фото: дереккөз

Жетісу облысының полициясы мен ҰҚКД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін ірі есірткі зертханасын жою бойынша бірлескен арнайы операция жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарымен Алматы облысы Іле ауданының аумағындағы саяжай үйінде синтетикалық есірткіні өндірумен айналысқан 22 жастағы алматылық аруды ұстады. Жауап алу кезінде ол жоғары ақы төленетін жұмысты Telegram каналы арқылы тапқаны белгілі болды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Саяжай үйін тінту кезінде шамамен 44 келі мефедрон және 2 келі «пирролидиновалерофенон – Α-PVP» синтетикалық заты, есірткі өндіруге қажетті реактивтер мен құралдар, сондай-ақ 28 мың АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

Құқық қорғау қызметкерлері 45 келіден астам синтетикалық есірткіні тәркіледі. Бұл бір рет қолданатын 90 мың дозаға тең. Оның құрамы тиісті сараптамамен расталды. Есірткі заттарын заңсыз жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, – деп түйіндеді С.Құсайынов.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткі ел аумағында сатуға арналған.

Барлық жаңалықтар