00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Жарқын болашақты құруда берік ынтымақтастықта болуымыз қажет – депутат

26.04.2024 | 10:22
119
Жарқын болашақты құруда берік ынтымақтастықта болуымыз қажет - депутат
Фото: дереккөз

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінен біз еліміздің жарқын болашағына апаратын нақты траекторияны анықтай аламыз, деп хабарлады Elorda.Info.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Магерам Магераев айтты.

Бірлік  көптеген ұлттардың Отаны болған мемлекет үшін ерекше күш көзі. Біз тарихы бір, бүгіні ортақ және жарқын болашақты құруда берік ынтымақтастықта болуымыз қажет. Бірлік, дәстүрлі құндылықтардың мызғымастығы, жалпыұлттық бірегейлік  біздің қоғамның өзегін құрауы тиіс, - деді М.Магераев.

Депутат, Мемлекет басшысы атап өткендей, құрылтайда баяндалған жалпыұлттық доктрина немесе платформа азаматтық қоғамның барлық жетекші институттарының қолдауына ие болған жағдайда ғана толық күшіне енетінін айтты.

Тек ортақ күш-жігерімізбен біз халқымызға төнген жалпыұлттық трагедияны «жоғалған уақыт» дәуірі мен ойдан шығарылған жетістіктер кезеңінің аяқталуын білдіретін белгіге айналдыра аламыз, - дейді мәжілісмен.

Барлық жаңалықтар