00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Қызметкер» сөзі «әскери қызметшіге» ауыстырылды

07.08.2023 | 16:00
39
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс ведомствосы басшысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілді, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 10 ақпандағы № 70 бұйрықтағы "қызметкер" деген сөз «әскери қызметші» болып ауыстырылды.

Ал «Жол қозғалысы туралы» заңына сәйкес Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 15 ақпандағы № 72 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы «электрлі самокат» ұғымымен толықтырылды. Бұл, сондай-ақ, ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын көлік құралы деп танылады, - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында. 

Бұл өзгерістер нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында енгізіліп отыр.

Барлық жаңалықтар