00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Ыстанбұл әуежайы екінші рет үздіктер қатарында

27.04.2023 | 23:00
36
Фото: avialiga.ua

Түркияның ең үлкен әуе айлағы тағы да "Отбасылық демалысқа арналған үздік халықаралық әуежай" номинациясына ие болды, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Wherever Family журналы 500 мың оқырманы бар АҚШ-тың Global Traveler туристік басылымымен бірлесе отырып «Wherever» сыйлығының жеңімпаздарын жариялады.  

Агенттіктің хабарлауынша, 13 сәуірде Вашингтонда өткен Wherever Awards-2023 марапаттау рәсімінде Ыстанбұл әуежайы "Отбасылық саяхатқа арналған үздік халықаралық әуежай" номинациясына тағы да лайық деп танылды. Марапаттау рәсімі биыл 6-рет өтті.

Global Traveller жыл сайынғы сауалнамасы аясында оқырмандар қызметтерді, бағыттарды, қонақ үйлерді, әуе компанияларды және круиздерді қоса алғанда, әлемдегі ең жақсы саяхат бағыттарын анықтайды.

Global Traveller мәліметі бойынша Түркияның ең үлкен әуе айлағы Wherever 2022 марапаты аясында "Отбасылық саяхат үшін ең қолайлы халықаралық әуежай" атанды.

Айта кетейік, Ыстанбұл әуежайы 2022 жылы халықаралық әуежайлар кеңесі  жариялаған «Әлемдегі қарқынды жұмыс істейтін 10 әуежай» тізімінде 7-орынға жайғасты. 

Барлық жаңалықтар