00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Түрлі ұлт өкілдері қазақ тілін жетік біледі – Дмитрий Останькович

25.04.2024 | 14:03
155
коллаж: Елтай Нұрғазин

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы өтті. Астанадағы «Радима» беларусь мәдени орталығының жетекшісі Дмитрий Останькович Президент жиында көтерген мәселелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

  ҚХА-ның бүгінгі сессиясында Мемлекет басшысы тіл мәселесі көптеген елдер үшін өзекті болған және болып қала беретінін атап өтті.

Тарихи тәжірибе көрсеткендей, оның сәтті шешілуі көбінесе елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын анықтайды. Бұл мәселе  Қазақстанды айналып өтпейді.

Бұл аса нәзік мәселеде стратегиялық ұстамдылық пен төзімділік көрініс табуы қажет. Бірақ бұл мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға кедергі келтірмейді. Қазірдің өзінде көптеген отандастарымыз, түрлі этнос өкілдері қазақ тілін жақсы меңгеріп, оны қоғамдық өмірде белсенді қолданады.

Мемлекет олардың жетістіктерін үнемі атап өтіп, ынталандырып отырады. Осының тағы бір белгісі ретінде бүгін Мемлекет басшысы қазақ тілін оқып-үйренуге, насихаттауға зор үлес қосқан ұстаздарға жоғары марапаттар табыс етті, - деді Дмитрий Останькович.

Барлық жаңалықтар