00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Түркістан облысында браконьерлікпен айналысқан Сирия азаматтары ұсталды

14.05.2024 | 21:11
177
Түркістан облысында браконьерлікпен айналысқан Сирия азаматтары ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында мемлекетке 1 млрд теңге шығын келтірген браконьерлер тобы құрықталды. Олардың арасында Сирия азаматтары да бар, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Созақ ауданы мен Шымкент қаласы аумағында ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен құстарды заңсыз аулау, сондай-ақ дериваттарды сақтау және сатумен айналысты деген күдікке ілінген 7 адамды ұстады.

Қолға түскендердің төртеуі Қазақстан азаматы, ал қалған үшеуі елімізде тұруға ықтиярхаты бар Сирия азаматтары.

Тінту барысында олардан 382 ақбөкен мүйізі, 119 томаға, 20-дан астам құс ұстауға арналған тұзақ, 7 рация, аңшылық мылтық, 1 пневматикалық мылтық, оптикалық көру құралы, жарықтандырғыш, бинокль, шамамен 15 келіге жуық арқар еті және басқа да заттар тәркіленді.

Браконьерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мемлекетке келтірілген шығын алдын ала есеп бойынша 1 миллиард теңгеден асады.

Барлық жаңалықтар