00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды

25.04.2024 | 15:38
77
Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды
фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігін анықтады.

Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне трассадағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті. Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғыны сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегін төлемеген. Заң талаптарына сәйкес полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді.

Барлық жаңалықтар