00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауына өтінім қабылдау басталды

14.05.2024 | 17:43
238
 «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауына өтінім қабылдау басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігі бүгіннен бастап «Тұмар» ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдауды бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Өтінімдер tvtumar.kz сайтында 10 маусымға дейін қабылданады. Байқауға 2023 жылдың 1 қаңтары мен 2024 жылдың 13 мамыры аралығында қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

«Тұмар»–2024 байқауының  номинациялары:

Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж

Үздік әлеуметтік жоба

Үздік ақпараттық бағдарлама

 Үздік журналистік зерттеу

 Үздік аналитикалық бағдарлама

 Үздік өңірлік ток-шоуы

 Үздік телесериал

 Үздік деректі фильм

 Балаларға арналған үздік бағдарлама

 Үздік өңірлік телеарна

 Үздік тележурналист

 Үздік тележүргізуші

Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық байқауы алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Байқаудың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуын ынталандыру.

«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында 1 800 астам өтінім келіп түсті, 303 журналист пен шығармашылық топ номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні 84 эксклюзивті мүсінше өз жеңімпазын тапты.

"Бәйге жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады", - деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар