00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Танымал актер, сатирик Асқар Наймантаев дүниеден өтті

02.12.2023 | 05:30
70
фото: дереккөзден

Танымал қазақстандық актер, сатирик, режиссер Асқар Наймантаев өмірден өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Әнші Ерлан Рысқали Facebook-тегі парақшасында қайғылы хабар туралы жазба қалдырған.

«Асқар ағамыз бақиға аттаныпты. Қайран асыл ер… Алла алдыңнан жарылқасын», - деп жазды Ерлан Рысқали.

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. Ол актер, сатирик, театр және кино режиссёрі. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» медалінің иегері. «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку», «Хантәңірі», «Қарадала» театрларын ашты, көптеген телевизиялық жобалардың авторы. 

«Домашние войны», «Бастық боламын», «ОрыStar в Шымкентте», «Детектив әже», «Туысқандар», «Бұйымтай», «Өсекшілер» «Внуки в ауле» комедиялық сериалдарына түскен. 

Барлық жаңалықтар