00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Танымал айтыскер ақын дүниеден өтті

25.01.2024 | 05:05
76
Фото: әлеуметтік желі

Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісов қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info.

Суық хабар туралы Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әлеуметтік желісінде жазылды.

Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісовтың қайтыс болуына байланысты, жақындары мен туғандарына қайғыларына ортақ екенімізді білдіріп, көңіл айтамыз. Теміртау қаласында өтетін айтыстың шегерілгенін ескертеміз. Қосымша хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Марқұм ақынмен жас шағында өте жақын араласқан белгілі журналист, Төлен Тілеубай марқұмның сегіз қырлы бір сырлы азамат болғанын айтып еске алды.

Университетте бірге оқыдық, көп жыл қатар жүрдік. Жастық шағымыз, студенттік кезіміз бірге өтті. Ол Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде филология факультетінде оқыды. Студент кезінде сырбаз жігіт болды, ақындығы да бар. Жыр жинақтары шықпағанмен, жазған өлеңдері жұрттың аузында жүр. Айтысқа да қатысқан, әншілігі де бар. Сейілбай ағалардың жанында жүріп гитараны жанына серік етті. Оның өлеңдерін өзі сияқты ешкім оқи алмайтын. Бірақ дарынмен мақтанбайтын, «мен ақынмын», «мен өнерпазбын» деп кеудесін соқпайтын. Сәттібай Қарағандыда Жаңарқа деген топырақта, Сәкеннің елінде туған. Сол Сәкеңдердің сарқыты сияқты текті адам еді. Мен білетін ең жақсы қасиеті, біреудің қуанышы болса, кітабы шықса, кеші болса, сонымен біре қуанатын. Армандарымен бөліспейтін, тұйық болды. Көбіне жастармен жұмыс жасайтын, соларды жақсы көретін. Кітапты ерекше жақсы көретін. Текті , дегдар еді. Жатқан жері жайлы болсын! – деп еске алды Төлен Тілеубай. 

Сәттібай Темірғалиұлы Жүнісов 1981 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Атасу орта мектебін тәмамдап, сол жылы Қарағанды мемлекеттік Е.А. Бөкетов атындағы университеті филология факультетіне оқуға қабылданып, 2002 жылы бітірген.

Студенттік мүшайралардың жеңімпазы. 

Махамбеттің 200-жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері. 

Қ.Аманжоловтың 90-жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері. 

Бірқатар облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы болған.

Барлық жаңалықтар