00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Таңқурай өсіреміз»: Алаяқтар мемлекеттен 800 миллион теңге субсидия алған

15.05.2023 | 22:31
32
Фото: Pixabay

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді орындамай, шот-фактуралар жазып берген бірқатар тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

ҚМА мәліметінше, жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып, кейін шаруа қожалықтарының атынан субсидиялар алуға электронды өтінімдер берілген.

Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егістік алқаптары жоқ болып шықты. Бұл азаматтар мемлекеттен 800 миллион теңгеден аса сомаға субсидия алған. Алаяқтық деректері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген, - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Барлық жаңалықтар