00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Түркияның IT бизнесі Қазақстанмен тығыз жұмыс істеуге ниетті

27.04.2023 | 22:30
37
Фото: 24.kz

Астанаға келген делегация екі күн бойы жаңа жобаларды таныстырады, деп хабарлады Elorda.info.

Арнайы келген 18 түрік компаниясы осында бірнеше кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Біздің мақсатымыз – Қазақстан нарығымен әріптестік байланыс орнату. ІТ сала қызықтырады. Яғни ақпараттық технологияны, жасанды интеллект, киберқауіпсіздікті дамытуға қатысты жоспарымыз бар, - деді Билкент киберпаркінің бас директоры Фарук Иналтекин.

Келешекте жүзеге асуы тиіс жобаларды талқылайды. Бұл – тараптардың алғашқы кездесуі емес. Бір жыл бұрын Бағдат Мусин бастаған жұмыс тобы Түрік еліне барып қайтқан еді. Сапар барысында цифрлық индустриядағы әріптестік туралы келісім жасалды, деп жазады Хабар24.

Біз түрік нарығы бизнес үшін тартымды, үлкен және тұрақты дамып келеді деп есептейміз. Қазір өзіміздің компаниялардың түрік нарығына шығуына, ол жақпен байланыс орнатуға көмек көрсетіп жатырмыз, - деді AstanaHub технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев.

Барлық жаңалықтар