00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Түркістан облысында жоғалған төрт жасар бала әлі табылмай жатыр

03.12.2023 | 06:00
90
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында жоғалып кеткен төрт жасар Айбар Бақытты іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр, - деп хабарлады Elorda.info.

 polisia.kz хабарлауынша, 1 желтоқсан кешкі уақытта полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын айтқан. 

Жоғалған баланың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданды. 

Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім болған.  Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65,  8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666,  +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз, - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар