00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды

26.04.2024 | 11:19
70
Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды
Фото: ТЖМ

Азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізу жалғасуда. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде.

Көмекке келген Ақтөбе, Түркістан облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамынан құрылған жиынтық топтардың күштері мен құралдары Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді.

Атырау облысында Жайық өзеніне мониторинг жалғасуда, судың деңгейі көтерілгені байқалады. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында  бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді. Бұған дейін көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, қажетті жұмыстарды атқаруда.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйлеріне оралды. 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

Барлық жаңалықтар