00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Skills Enbek платформасына жаңа 44 тегін курс қосылды

11.03.2024 | 05:14
51
Фото: ашық дереккөз

Әр курстың ұзақтығы 36 сағаттан асады. Онлайн оқыту кәсіптік салада белгілі бір дағдыларды немесе қосымша құзыреттерді алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, құрылыс және өндіріс саласында «Жылу желілерінің жабдықтарына, құбырлары мен арматураларына қызмет көрсету және жөндеу», «Сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарын пайдалану», «Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары», «Дәнекерлеу өндірісінің негіздері», «Токарлық өңдеу негіздері» сияқты курстар қосылды.

Жеке қызметтер мен тамақтану бойынша қосымша курстар пайда болды: «Тігуді басынан бастап үйреніңіз!», «Қызмет көрсету саласындағы әкімші», «Шаштараз өнері», «Аспаз», «Наубайхана негіздері», «Кондитерлік шеберхана», «Мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын қызметкер» курсы бар.

Сондай-ақ, «Тиімді коммуникациялар және командалық жұмыс», «Сыни ойлау негіздері», «Уақытты басқару және басымдық беру», «Дизайн ойлау», «Бизнес-процестерді басқару», «Бизнестегі коммуникация мәдениеті», «Agile принципі бойынша жобаларды басқару», «Маркетингтік талдау (консалтинг)», «Microsoft Office-пен жұмыс» және «Экологиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру» сияқты әр мамандық үшін бірдей маңызды «икемді» дағдыларға бағытталған курстар бар, - делінген министрлік ақпаратында.

Курстан өткенін растайтын сертификат Enbek.kz жұмысқа орналастыру порталында алынған барлық дағдыларды көрсете отырып, түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі.

Курстарда Google Play және App Store-дан жүктеп алуға болатын Enbek мобильді қосымшасында қолжетімді.

Бүгінгі күні осы платформада әртүрлі бағыттар бойынша барлығы 477 курс орналастырылған, оның ішінде 243-і тегін. Тіркелген пайдаланушылар саны 380 мың адамға жетті.

Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұрайды: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878, 888).

Барлық жаңалықтар