00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Шаруалар қажетті техниканы алдын ала төлемсіз алатын жаңа бағдарлама әзірленді

10.02.2024 | 06:14
48
фото: дереккөзден

Қаржыландырудың жаңа шарттары бойынша ауыл шаруашылығы, арнайы техникалар мен тауарды тасымалдауға қажетті көлік жабдықтарын сатып алу мүмкіндіктері қарастырылған. 

«2023 жылы шаруа иелері үшін оңай жыл болған жоқ. Жайсыз ауа-райының салдарынан жиналған өнімдердің сапасы төмен болып, тауар өткізу кезінде түскен табыс айтарлықтай аз болды. Көптеген ауыл шаруашылығы өндірушілері қиын қаржылық жағдай тап болып, бірінші лизинг төлемдерін жасай алмай қалды. Осы жәйттард ескере отырып, біз жаңа бағдарламаны әзірледік. Бұл бағдарлама арқылы шаруа иелері ештеңеге алаңдамай өздеріне қажетті техникаларын ала алады», - деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқармасының төрағасы Айдар Прашев.

Лизинг мерзімі  10 жыл, ал қаржыландыру шегі  370 млн теңгеге дейін болады. Бағдарлама аясында лизингке отандық және шет елдің техникалары беріледі.

Барлық жаңалықтар