00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Сауда желілеріне су басқан өңірлерде бағаны өсірмеу қажеттігі ескертілді

09.04.2024 | 17:54
Елорда ақпарат
58
су тасқыны
фото: gov.kz

Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков Қазақстанның ірі сауда желілері өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Оған республикалық және өңірлік деңгейдегі 17 сауда нысанының өкілдері қатысты. Оның ішінде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары мен Батыс Қазақстан секілді ТЖ режимі жарияланған облыстар бар.

Кездесу барысында сауда желілерінде әсіресе су басқан өңірлерде азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу қажеттігі туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ, Сауда комитеті азық-түлік өнімдерін уақтылы және үздіксіз жеткізу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін логистикалық мәселелерді шешу үшін сауда желілеріне көмек көрсетуге дайын екендігін хабарлады.

Барлық жаңалықтар