00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Роза Бағланованың қолғабы аукционда сатылды 

18.04.2024 | 15:56
42
Әйгілі әншінің көзі тірісінде өзі киген қолғабын аукционда актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова сатып алды.
Фото: ашық дереккөз

КСРО халық әртісі, күміс көмей әнші Роза Бағланованың Louis Vuitton қолғабы аукцион арқылы қымбат бағаға сатылды, деп хабарлады Elorda.info

 Аукцион «Біз екеуміз»  фильмінің тұсаукесеріне жиналған көпшілік алдында өтті. Әйгілі әншінің көзі тірісінде өзі киген қолғабын аукционда актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова сатып алды.

Актриса аукцион арқылы қолғапты сатып алған сәтіндегі видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Видеодан продюсердің Louis Vuitton бренд қолғабын 300 мың теңгеге сатып алған сәтін көруге болады.   

Бұл бағалы заттарды қайырымдылық қорына сыйлық қылып ұсынамын. Басқа аукциондарда олар үлкен ақшаға сатылады. Өз миссияларын (жандарға аукцион арқылы қаражат жинап, көмек беру), орындай берсін, - деп жазды ол.

Актриса тарихи жәдігерді жарысу емес, көмектесу мақсатында сатып алғанын жеткізді. Артынан ұйымдастырушы Гүлнұр Мамасарипова аукционға миkлион теңгеден аса қаражат жиналғанын, ол толықтай қорға жіберілетінін айтты.

Роза Бағланованың қолғабын сатып алуға актриса Гүлназ Жоланова да үмітті болды.  

Барлық жаңалықтар