Роман Скляр су басу қаупі жоғары ауылдарды аралады
![Роман Скляр су басу қаупі жоғары ауылдарды аралады](/img/articles/6e082c9698a615cf9368c8771da23c68.jpg)
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысын аралауды жалғастырды. Ол Қызылжар ауданының Бескөл, Долматово, Барневка және Большая Малышка ауылдарында бөгеттер мен шұңқырлардағы бекіністерді, сондай-ақ дайындық жұмыстарын тексерді, деп хабарлады Elorda.info.
Ауылдық округтердің әкімдері Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Эвакуациялау пункттерін ұйымдастыру және эвакуацияланған азаматтардың саны туралы есеп берді. Бескөл және Большая Малышка ауылдарында қорғанысты нығайту үшін қосымша экскаваторлар сұралды.
Роман Скляр жергілікті тұрғындар мен бизнес өкілдері үйлерді су басудан қорғау үшін күш біріктіріп, белсенді түрде атсалысып жатқанын атап өтті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары полицейлер, құтқарушылар мен ауыл тұрғындарына су тасқынының келеңсіз сценарийіне дайын болу керектігін жеткізді.
Бүкіл өңірде келеңсіз сценарийге дайын болып, белсенді жұмыс істеу керек. Қызылжар ауданына су Петропавлдан кейін бірден келеді. Бөгеттер мен қорғандарды айтарлықтай нығайтып, құм толтырылған қапшықтардың санын көбейтіп, үйлерді қайта тексеріп үлгереміз. Ешкім қауіпті аймақта қалмауы керек, барлығын эвакуациялау қажет, — деді Роман Скляр.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы, Тайынша және Қызылжар аудандарында жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Облыста Су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жедел штаб құрылды. 29 наурыз бен 9 сәуір аралығында облыста 103 үйді су басып, 678 адам эвакуацияланды, оның 109-ы – балалар.
![](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылады](/img/articles/cedba5704ea3c77b33a4adf2bff60ba8.jpg)
![Астанада қарсы бағытқа шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылды](/img/articles/d4c3c8a90597448c1bb78ee6b9115b36.jpg)
![Елордалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады](/img/articles/f34e1dcbe692671b0f50a4086cb94c49.jpeg)
![Жазғы Олимпиадада ең алғашқы жүлдені кім алған](/img/articles/fb613fec42f7e3c43f8eb5736fb6dca0.jpg)
![Полиция автокөліктен ұрлық жасаған астаналық әйелді ұстады](/img/articles/fb7c660027db55073416ce8f8fddeaa7.jpeg)
![Астанада тағы бір учаске уақытша жабылады](/img/articles/f06cdc82a936a99e2de07cc1c837a6e4.jpg)
![Алимент төлемеген 9 борышкер бас бостандығынан айырылды](/img/articles/ac45cd944d5ecf90c51c7cee1131da0f.png)
![Олжас Бектенов Семей қаласы Бас жоспарының жаңа жобасымен танысты](/img/articles/afdd3beb29af4c7fb6fbe0fef7edc1f1.jpg)
![Алаяқтар Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің атынан жалған хабарлама жіберіп жатыр](/img/articles/4fdfbec113af5c3f2464055cedb1c15c.jpg)
![8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді](/img/articles/ddcc0b1f5933e861527fbe20897190f5.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)