00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Qnet қаржы пирамидасының басшысына халықаралық іздеу жарияланды

01.03.2024 | 09:36
40
фото: www.gov.kz

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құрған және басқарған.

Оған халықаралық іздеу жарияланды. 

Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында «Instagram» әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген, - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Жәбірленушілердің жалпы саны 59 адам, келтірілген залал сомасы 63 373 356 теңгені құрайды.

Барлық жаңалықтар