00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Президент: Мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарға заң жүзінде шара қолданылады

25.04.2024 | 12:09
78
Президент: Мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарға заң жүзінде шара қолданады
Фото: Ақорда

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлердің әрекетіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлады Elorda.Info.

Бұқаралық ақпарат құралдары және өздерін блогер санайтын кейбір азаматтар табиғат апатына қатысты дүрбелең тудырып байбалам салу, билікті орынсыз айыптау қоғамды ортақ іске ұйыстыруға бөгет болатынын, мемлекеттік органдар ахуалды уысынан шығарып алды деген жалған ұғым қалыптастыратынын түсінуге тиіс. Мұндай әрекет әлеуметтік күйзеліс тудырады. Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан билік осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретіндерге заң жүзінде шара қолданады, - деді Мемлекет басшысы.

Президент, сонымен бірге, барлық деңгейдегі билік өкілдері жұртшылықпен, әсіресе, беделді әрі жауапкершілігі жоғары белсенді азаматтармен тығыз байланыста болуы керектігін айтты. Олар халықтың пікіріне құлақ асуы, ең бастысы, жедел және дұрыс шешім қабылдауға тиіс.

Қазір мемлекет қордаланып қалған көптеген түйткілдің түйінін тарқатуға мәжбүр. Азаматтардың басым көпшілігі мұны түсінеді. Бір жағынан, Үкіметтің көптеген саланы жанталаса реттеуіне тура келіп отыр. Екінші жағынан, еліміздің тұрақты дамуына мықты негіз қалыптастыруға тиіс, - деді Президент.

Барлық жаңалықтар