00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Президент Абай облысы тұрғындарының бастамасын қолдады

24.04.2024 | 11:15
69
Президент Абай облысы тұрғындарының бастамасын қолдады
Фото: дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Абай облысында «Семей орманы – жасыл аймақ» акциясы өтті. Іс-шараға мыңға жуық адам қатысты.

Акция барысында Воскресеновка ауылының маңындағы орман алқабындағы 5 га аумақта 23 мыңнан астам қарағай көшеті отырғызылды. Жалпы «Семей орманы» резерватында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері 50 мыңнан астам көшет егілген.

Айта кетейік, Бородулиха ауданының аумағы 698 992 га жерді алып жатыр, оның ішінде орманды алқап – 87 773 га болса, су айдындары – 14 301 га. Биыл аудан көлемінде 7 мыңнан астам ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Ағаш отырғызу акциялары тұрақты түрде өткізілетін болады.

Барлық жаңалықтар