00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Олжас Бектенов пен вице-премьерлер су тасқыны жағдайы ауыр өңірлерде жұмыс істеп жатыр

06.04.2024 | 15:35
Елорда ақпарат
48
Үкімет
фото: t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша су тасқыны жағдайын тұрақтандыру үшін Премьер-Министр мен вице-премьерлер су тасқынына байланысты аса күрделі ахуал қалыптасып отырған өңірлерде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов қазір – Қостанай облысында.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.

Премьер-Министрдің орынбасарлары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына, Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысына жіберілді.

Сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына ұшып барды.

Бұған дейін Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының су тасқынына дайындығын тексерген болатын.

Барлық жаңалықтар