00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Героин салынған 30 контейнерді жұтып, шекарадан өтпек болған 2 адам ұсталды

05.03.2024 | 07:29
43
фото: www.gov.kz

Ақтау қаласының халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері мен шекарашылар есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.         

Рентгеноскопиялық зерттеу кезінде олардың іш қуысында бөгде заттардың бары анықталды. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазандарынан героин және синтетикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды. Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды.

Сот шешімімен фигуранттарды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді, - деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар