00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

МИБ төрағасын ауыстыру қызметі цифлық форматта болады

19.10.2023 | 12:00
49
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде EgovMobile-да министрліктің 29 мемлекеттік қызметі, 14 сервисі және 5 цифрлық құжаты бар.

Қаңтар айында жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша қызмет автоматтандырылды. Осындай жұмысты заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қызметтер бойынша жүргізу жоспарлануда, - деді ведомство өкілі. 

Отандық бірнеше банктің қосымшаларына енгізіліп, көрсетілген қызметтер арасынан спикер неке тіркеу, балаға туу туралы куәлік алу, заңды тұлғалар туралы мәлімет және жылжымайтын мүлік мәліметін қызметін алуды атады. Сондай-ақ, МИБ төрағасын ауыстыру қызметі де цифлық форматта қолжетімді етілді.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде смартфондардың ыңғайлылығын ескере отырып, осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады, – деп хабарлады вице-министр.

Барлық жаңалықтар