00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Мереке күндері пойыз билеттерін қалай сатып алуға болады

08.02.2024 | 13:00
74
фото: egemen.kz

Билеттерді алдын ала сатып алыңыздар

Ұлттық тасымалдаушы сапарларды алдын ала жоспарлауды және пойыз билетін сатып алуды ұсынады. Қазірдің өзінде наурыз айына билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.

Билеттерді онлайн сатып алыңыз

Билеттерді bilet.railways.kz сайты арқылы сатып алу кезінде комиссия жоқ.

Күту парағын қадағалаңыз

Билеттер саны шектеулі, сондықтан билеттер сататын bilet.railways.kz сайтындағы жаңартуларды қадағалап отыру ұсынылады. Мүмкін біреу қайтаруды рәсімдейді, содан кейін билетті «Күту парағы» қызметі арқылы сатып алуға болады.  Бұл билетті 7 күн бұрын және пойыз жөнелтілгенге дейін 2 сағаттан кешіктірмей тегін сатылымда жол жүру билеттері болмаған кезде сатып алуға мүмкіндік береді. Бос орын болған жағдайда жолаушы сайттағы жеке кабинетте, сондай-ақ СМС-хабарлама арқылы билетті сатып алу қажеттілігі туралы хабарлама алады.

Кәсіби мамандармен кеңесіңіз

Қажетті ақпаратты 1433 тегін нөмірі бойынша, «KTZH_PP_BOT» телеграм-боты және @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунт арқылы білуге болады. 

Барлық жаңалықтар