00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Мемлекеттік қызметтердің 92% электронды түрде көрсетіледі

22.11.2023 | 14:00
46
Фото: дереккөз

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info

МҚІА төрағасы орынбасарының ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес 1 353 мемлекеттік қызмет бар, оның 1 247-сі немесе 92% электронды түрде. 106-сын қағаз түрінде көрсету мүмкіндігі қарастырылған. 

Алайда агенттік өкілі цифрлық қызметтердің сапасы бөлек мәселе екенін атап көрсетті. Оның айтуынша, бұл ретте Үкімет назар аударуға тиіс бірнеше мәселе бар. 

Электронды үкімет порталында 22 мемлекеттік қызметтің әлі күнге дейін қолжетімсіздігі, 50 мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ақпараттық жүйелер өзара интеграцияланбағандығы, 60 мемлекеттік қызметті көрсету барысында ақпараттық жүйелер функционалдарының кемшіліктері анықталды. Өкінішке қарай, 32 мемлекеттік қызметті көрсету барысында ақпараттық жүйелердің тұрақты түрде техникалық ақаулары орын алуда, – деп нақтылап өтті С.Мүксімов.

Ол бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанбауына әкеп соғатынын жеткізді.

Барлық жаңалықтар